40 жастағы Овечкин рекорд орнатты
Александр Овечкин Ұлттық хоккей лигасындағы (НХЛ) тарихи көрсеткішке қол жеткізіп, өз есімін аңыздар қатарына қосты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Вашингтон Кэпиталз» шабуылшысы Александр Овечкин «Нэшвилл Предаторзға» қарсы өткен кезекті матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Осылайша, 40 жастағы хоккейші биылғы маусымдағы көрсеткішін 46 ойында 40 ұпайға жеткізді. Бұл нәтиже оған ресейлік хоккейшілер арасындағы 40 жастағы ойыншылар бойынша рекордты бұзуға мүмкіндік берді. Бұған дейін бұл көрсеткіш Игорь Ларионовқа тиесілі болған — ол 2000/2001 жылғы маусымда 65 матчта 40 ұпай жинаған.
Айта кетелік, НХЛ тарихында 40 жастағы ойыншылар арасындағы абсолют рекорд канадалық аңыз Горди Хоуға тиесілі. Ол бір маусымда 103 ұпай жинаған. Ал Овечкин осы тізімде қазіргі уақытта 12-орында тұр.