Алмас Өтешов облыстық құрама команданың аға жаттықтырушысы атанды

Алмас Өтешов облыстық құрама команданың аға жаттықтырушысы атанды

Қызылорда облысы спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаевтың бұйрығына сәйкес, белгілі ауыр атлет Алмас Өтешов ауыр атлетикадан ересектер арасындағы облыстық құрама команданың аға жаттықтырушысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алмас Дәулетярұлы – ауыр атлетикадан Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Ол әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері және Азия чемпионы атанған. Енді тәжірибелі спортшы бапкерлік қызметке кірісіп, жас спортшыларды даярлауға атсалыспақ.

Айта кетейік, Алмас Өтешов бұған дейін Олимпиадалық резерв даярлау орталығы КММ директорының орынбасары қызметін атқарған.

Спортшының мансабында қиын кезеңдер де болған. 2016 жылы допинг дауына байланысты Халықаралық ауыр атлетика федерациясы тарапынан төрт жылға спорттан шеттетілген еді. Кейінгі жылдары ол өмірін қайта қалыпқа келтіруге күш салып, қоғамға оралғанын мәлімдеді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или