Қызылордалық шабуылшы талдықорғандық клубқа ауысты

Қызылордалық шабуылшы талдықорғандық клубқа ауысты

Қазақстандық шабуылшы Шоқан Абзалов «Жетісудың» қатарын толықтырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Тәжірибелі ойыншы - Сыр өңірінің тумасы. Командамен бірге жаңа белестерді бағындырады деп сенеміз, - деп жазылған хабарламада.

Шоқан Абзалов 1993 жылы 11 қыркүйекте Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2017 жылдан бері «Қайсар», «Тұран», «Оқжетпес», «Қызылжар», «Атырау» клубтарында доп тепті.

«Жетісу» командасының алғашқы оқу-жаттығу жиыны Алматы қаласында өтеді. Ал Түркияда 30 қаңтар мен 20 ақпан аралығында біршама командамен жолдастық ойын өткізуді жоспарлап жатыр.

Айта кетейік, талдықорғандық клубқа Қайрат Нұрдаулетов бас бапкері қызметіне тағайындалған болатын.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Чесноков «Хартста» қанша миллион теңге алады?

«Жетісу» сапына екі футболшы қосылды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или