«Автомобилист» — «Барыс»: Тікелей трансляция

«Автомобилист» — «Барыс»: Тікелей трансляция

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 12 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын сырт алаңда ресейлік «Автомобилистке» (Екатеринбург) қарсы өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Автомобилист» пен «Барыс» арасындағы матчтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша сағат 19:00-де басталады және оны «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

Қазірге дейін командалар 56 мәрте шеберлік байқасты. Оның 33-і елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.

Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Турнир кестесінде «Барыс» 36 ұпаймен 19-орынға жайғасса, «Автомобилист» 49 ұпаймен 10-орында келеді.

«Барыс» сырт алаңда есе жіберді

«Салават Юлаев» — «Барыс» матчына бейнешолу

Жас қазақстандық хоккейші Канада чемпионатына нәтижелі ойын көрсетті


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или