Қазақстандық теннисші Аустралиядағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Аустралиядағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 14-ракеткасы Анна Данилина Аделаида (Аустралия) WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ірі жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші сербиялық Александра Круничпен бірге бастапқы кездесуін чехиялықтар Тереза Валентова – Маркета Вондроушовамен өткізді.

Матчты Данилина – Крунич сәтті бастады – 6:3. Екінші сетте чехиялық дуэт тай-брейкте табандылық танытты – 7:6 (7:5). Дегенмен супер тай-брейкте қазақстандық-сербиялық жұп жеңісті жұлып алды – 11:9.

Бір сағат 40 минутқа созылған бәсекеде Данилина – Крунич 2 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Валентова – Вондроушова 2 брейкпен (7 брейк-пойнт) шектелді.

Анна Данилина – Александра Круничтің келесі қарсыластары кейін анықталады.

Аталмыш жарыста жекелей сында Юлия Путинцева өнер көрсетеді. Ол алғашқы айналымда әлемнің 94-ракеткасы, мажарстандық Далма Галфимен шеберлік таластырады.

Александр Бублик алғаш рет әлемнің үздік ондығына енеді

Қазақстандық теннисші Australian Open алдындағы дайындыққа кірісті

Аделаида турнирі: қазақстандық теннисшінің матчында сенсация тіркелді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или