«Канело» командасындағы қазақ боксшысының жекпе-жегі өтпейін болды

«Канело» командасындағы қазақ боксшысының жекпе-жегі өтпейін болды

Мексикалық «Канело» командасындағы қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет қаңтар айына жоспарланған жекпе-жегінің өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның айтуынша, 31 қаңтарға белгіленген кездесу түрлі себептермен кейінге шегерілген, енді келесі жекпе-жек наурыз айында өтеді деп жоспарлануда.

Сондай-ақ Бек Нұрмағанбет Сауль «Канело» Альварес пен блогер-боксшы Джейк Пол арасындағы жекпе-жекке қатысты пікір білдіріп, Джейк Полдың қаржы үшін кез келген қарсыласпен шығуға дайын екенін атап өтті.

Айта кетейік, Бек Нұрмағанбет – екінші орта салмақта жеңіліс көрмеген қазақстандық боксшы. Оның кәсіби мансабында 15 жеңіс бар, соның 13-і нокаутпен аяқталған. Ол соңғы төрт жылдан бері «Канелоның» спарринг-серіктесі әрі жақын серігі саналады.

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісі 19 қаңтарда қаралады

Қазақстан бокс федерациясына бірінші вице-президент тағайындалды

Жәнібек Әлімханұлының B сынамасына қатысты жаңа ақпарат жарияланды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или