Бақтиер Зайнутдинов жанкүйерлерге жағымды жаңалығын жеткізді

Бақтиер Зайнутдинов жанкүйерлерге жағымды жаңалығын жеткізді

Мәскеулік «Динамо» және Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов Instagram парақшасында жанкүйерлерге жағымды жазба жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Зайнутдинов залда жаттығу жасап жатқан бейнежазбасын жариялап, «біз жұмысқа кірісеміз» деген жазба қалдырған.

Бақтиер Зайнутдинов биылғы маусымда «Динамо» командасы сапында Ресей біріншілігі мен кубогында он ойынға қатысты. Әзірге нәтижелі әрекетімен көзге түсе қойған жоқ.

Қазақстандық футболшы өткен жылдың қазан айының ортасында соңғы ойынын өткізген еді. Содан кейін жарақатынан айығуға көңіл бөліп келеді.

Қазір Ресей біріншілігі қысқы үзіліске кетті. Ол ақпан айының аяғына таман қайта жалғасады.

Айта кетсек, ол ресейлік команда құрамына өткен жылдың шілде айында қосылды.

Бақтиер Зайнутдинов жаңа клубымен 2029 жылға дейін келісімшартқа қол қойды. Ресейлік команда ол үшін «Бешикташқа» 2,5 млн еуро төледі.

Отандасымыз 1998 жылдың 2 сәуірінде дүниеге келген. Бұған дейін қазақстандық «Тараз», «Астана» футбол клубтарында, Ресейдің «Ростов» және ЦСКА командаларында доп тепті.

Қазірге дейін ол Түркияның «Бешикташ» клубы сапында ойын көрсетті. Аталған командамен қазақстандық футболшы 2023 жылдың 18 тамызында келісімшартқа қол қойған еді. Келісімшарт 2027 жылдың 30 маусымына дейін аталған клуб сапында ойнауына мүмкіндігі бар болатын. Түркиялық клубта 27 жастағы отандасымыз 2023 жылдан бері 49 матчта бір гол соқты.


Чесноков «Хартста» қанша миллион теңге алады?

«Жетісу» сапына екі футболшы қосылды

Ислам Чесноковтың командасы қонақта жеңіске жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или