Испания Суперкубогы: «Барселона» турнир жеңімпазы атанды

Испания Суперкубогы: «Барселона» турнир жеңімпазы атанды

Сауд Арабиясының Джидда қаласында «Барселона» мен «Реал Мадрид» арасында Испания Суперкубогының финалдық матчы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матчта «Барселона» 3:2 есебімен жеңіске жетті. Командалар бірінші таймда екі голдан соқты, оның үшеуі қосымша уақытта тіркелді: «Барселона» сапында Рафинья (36-минут) мен Роберт Левандовски (45+4), ал «Реал Мадрид» қатарынан Винисиус Жуниор (45+2) мен Гонсало Гарсия (45+6) мергендігімен көзге түсті. Рафинья 73-минутта жеңісті допты соғып, католондықтарға трофей сыйлады. «Барселона» футболшысы Френки де Йонг 90+1-минутта алаңнан қуылды.

«Барселонаның» өз тарихында 16-шы рет Испания Суперкубогын жеңіп алып, рекорд орнатты. 


Неміс Бундеслигасы: «Бавария» қарсыласын аямады(видео)

Мысыр құрамасы Африка кубогының жеңімпазын жарыс жолынан шығарды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или