«Жетісу» сапына екі футболшы қосылды

«Жетісу» сапына екі футболшы қосылды

Талдықорғанның «Жетісу» командасы екі ойыншымен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оқжетпес» қақпашысы Данил Подымский мен «Тұран» шабуылшысы Шоқан Абзалов командаға қосылды.

2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының маусымында Подымский «Оқжетпес» сапында екі ғана ойын өткізіп, сегіз гол жіберіп алды. Кәсіби мансабында 27 жастағы қақпашы «Алтай», «Каспий» және «Астана» сапында да ойнады.

Абзалов өткен маусымда «Тұран» сапында 20 ойын өткізіп, бір гол соқты. Шоқан сонымен қатар «Қайсар», «Байқоңыр», «Оқжетпес», «Қызылжар» және «Атырау» сапында да ойнады.


Ислам Чесноковтың командасы қонақта жеңіске жетті

Ресми: Ғалымжан Кенжебек «Ахмат» ойыншысы атанды

Қазақстандық жас футболшы ресейлік клубқа аттанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или