Неміс Бунделигасы: «Бавария» өз алаңында қарсыласын тас-талқан етті
«Бавария» Германия Бундеслигасының 16-шы турында өз алаңында «Вольфсбургті» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч мюнхендік клубтың пайдасына 8-1 есебімен аяқталды. «Баварияның» голдарын Луис Диас (30-минут), Майкл Олисе (50 және 76), Рафаэль Геррейро (68), Харри Кейн (69) және Леон Горецка (88) соқты. «Вольфсбургтен» Килиан Фишер (5) және Мориц Йенц (53) екі автогол авторы атанды. Қонақтардың жалғыз голын Дженан Пейчинович (13) соқты.
Бұл жеңістен кейін«Бавария» 44 ұпай жинап, Германия чемпионатындағы көшбасшылығын нығайтты. «Вольфсбург» 15 ұпаймен турнир кестесінде 14-ші орында тұр.
Мысыр құрамасы Африка кубогының жеңімпазын жарыс жолынан шығарды
Мбаппе «Барселонаға» қарсы матчты негізгі құрамда бастауы мүмкін
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или