Асу Алмабаев 2026 жылы үш жекпе-жек өткізгісі келеді

Асу Алмабаев 2026 жылы үш жекпе-жек өткізгісі келеді

Қазақстандық UFC жауынгері Асу Алмабаев 2026 жылы неше жекпе-жек өткізуі мүмкін екендігіне қатысты тоқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бірінші айқасым ақпан айының соңына жоспарланған. Былтыр да солай бастағанбыз. Бұйырса, жыл сайын 3 рет октагонға шықсам, жақсы көрсеткіш деп есептеймін. Себебі, әр айқасқа дайындалуға кемі 2-3 ай уақыт қажет. Денсаулық та қатты рөл ойнайды. Негізі 28 ақпан күнгі кешке қатысқым келмеген. Өйткені менің әр жекпе-жектерімнің арасы жақын болып жатыр. Бұл жайттар салмақ қуу, дайындық, көңіл-күйге тікелей әсерін тигізеді», - деді Асу Алмабаев.

Айта кетейік, Асу Алмабаев 2026 жылғы 28 ақпанда Мексикада өтетін турнирдің басты жекпе-жегінде UFC-дің бұрынғы екі дүркін чемпионы, рейтингте 4-орында тұрған мексикалық Брэндон Мореномен күш сынасады. Бұл айқас UFC Fight Night 269 турнирі аясында өтеді.

Арман Царукян Майкл Чендлерге шақырту тастады

Еркебұлан Тоқтар мансабына қатысты мәлімдеме жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или