Қазақстандық футболшы «Ертіс» сапына ауысуы мүмкін

Қазақстандық футболшы «Ертіс» сапына ауысуы мүмкін

Қазақстандық футболшы Сұлтанбек Астанов павлодарлық «Ертіс» сапына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Инсайдерлік ақпарат көздерінен белгілі болғандай, қазақстандық футболшы алдағы уақытта клуб ауыстырады деп күтілуде. 

Сұлтанбек Астанов 1999 жылы 23 наурызда дүниеге келген. Үлкен футболдағы алғашқы қадамын 2017 жылы алматылық «Қайратта» бастап, онда 2022 жылға дейін ойын көрсетті. 2023 жылдан бері шымкенттік клубқа ауысты. 

Қазіргі уақытта «Ордабасы» былтырғы маусымда 26 ойын өткізіп, 35 ұпай жинап, турнир кестесінде 7-орынға тұрақтады.

Ал павлодарлық «Ертіс» 2025 жылғы маусымды бірінші лигада жоғары нәтижемен аяқтап, Қазақстан Премьер-Лигасына қайта оралды. 

Биылғы маусымнан бастап Қазақстан Премьер-лигасында клубтар саны көбейеді. Жаңа регламентке сәйкес, чемпионатта 16 команда ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или