Ислам Чесноковтың командасы қонақта жеңіске жетті

Ислам Чесноковтың командасы қонақта жеңіске жетті

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Ислам Чесноков өнер көрсететін «Хартс» клубы Шотландия чемпионатындағы кезекті ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Хартс» Шотландия Премьер-лигасының 22-туры аясында «Данди Юнайтедті» 0:1 есебімен жеңді. Матчты қосалқы құрамнан бастаған Ислам Чесноков алаңға шықпады. Себебі оның командасында Александр Шволов қызыл қағаз алып, «Хартс» екінші таймда он адаммен ойнауға мәжбүр болды.

Айта кетейік, «жүректер» келесі матчын 14 қаңтар күні «Сент-Мирренге» қарсы өткізеді.

«Хартс» 21 ойыннан кейін 47 ұпаймен екінші орындағы «Селтиктен» алты ұпайға озып кетті.

Ислам Чесноков «Хартс» сапына ресми түрде қосылды

Ресми: Ғалымжан Кенжебек «Ахмат» ойыншысы атанды

Қазақстандық жас футболшы ресейлік клубқа аттанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или