Жеңіл атлетика: Қысқы XXXV Қазақстан чемпионаты аяқталды
Бүгін Астана қаласындағы Qazaqstan кешенінде жеңіл атлетикадан қысқы XXXV Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үш күн бойы еліміздің 18 өңірінен жиналған таңдаулы спортшылар 13 жекелей дисциплина мен эстафетадан 31 медаль жиынтығы сарапқа салды. Назарыңызға бүгінгі жарыс күнінің жүлдегерлерін ұсынамыз:
800 метрге жүгіру (әйелдер):
- 1. Ақбаян Нұрмәмет (Жетісу)
- 2. Екатерина Колода (Астана)
- 3. Аружан Алтыбай (Түркістан)
800 метрге жүгіру (ерлер):
- 1. Никита Изотов (СҚО)
- 2. Рамазан Шайев (Жамбыл облысы)
- 3. Кирилл Субботин (СҚО)
Сырықпен секіру (ерлер):
- 1. Иван Товченик (Алматы)
- 2. Владислав Гарбузняк (Алматы)
- 3. Данил Полянский (Қарағанды)
3000 метрге жүгіру (әйелдер):
- 1. Нора Джеруто Тануи (ШҚО)
- 2. Дарья Миллер (Алматы)
- 3. Ақбілек Құралбай (Шымкент)
3000 метрге жүгіру (ерлер):
- 1. Камиль Салихов (Ұлытау облысы)
- 2. Қайсар Ілияс (Алматы облысы)
- 3. Диас Қанай (Шымкент)
Үш қарғып секіру ( әйелдер):
- 1. Мария Ефремова (Қарағанды)
- 2. Варвара Дмитриева (ШҚО)
- 3. Мария Щипачева (Ақмола)
Үш қырғып секіру (ерлер):
- 1. Зелимхан Насыров (Ақмола облысы)
- 2. Арсен Умержанов (СҚО)
- 3. Георгий Ли (Қарағанды)
4×400 эстафета (ерлер):
- 1. ШҚО
- 2. Павлодар облысы
- 3. Қарағанды облысы
4×400 эстафета (әйелдер):
- 1. Павлодар облысы
- 2. ШҚО
- 3. Алматы қаласы
Осы бәсеке нәтижесінде Ұлттық құраманың жаттықтырушылары келе жатқан Азия чемпионатына баратын команданы жасақтайды.
Қазақстан жеңіл атлетика федерациясына жаңа президент тағайындалды
Астана қаласы Қазақстан чемпионатын қабылдайды
Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы жаңа бапкерді таныстырды