Павел Евтеев қазақстандық футболшы Ғалымжан Кенжебек туралы пікір білдірді
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Павел Евтеев жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебектің Ресей Премьер-Лигасындағы «Ахмат» клубының негізгі құрамына ену мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Маманның айтуынша, Кенжебектің негізгі құрамдағы орны оның жаңа ортаға қаншалықты тез бейімделуіне байланысты болмақ. Бұл ретте оған қазақстандық футболшы Максим Самородов пен ұлттық құрамада бірге жұмыс істеген бас бапкер Станислав Черчесовтың көмегі тигені маңызды себеп ретінде аталды.
Айта кетейік, Ғалымжан Кенжебек грозныйлық «Ахматпен» 4,5 жылдық келісімшартқа қол қойды. Ол бұған дейін семейлік «Елімай» клубында ойнады. 2025 жылғы Қазақстан Премьер-Лигасы маусымында 11 матч өткізіп, 6 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.
Футболшы кәсіби мансабында «Қайрат», «Мақтаарал», «Жеңіс», Кипрдің «Акритас Хлоракас» және Словакияның «Кошице» клубтарының намысын қорғаған.
Қазақ футболшысы ресейлік клубпен алғашқы жаттығуын өткізді. Фото