Елена Рыбакина Мельбурнде жаттығуды бірден бастады
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мельбурнге келіп, арада бірнеше сағат өтпей жатып кортқа шықты, деп хабарлайды Prosports.kz. Ол Australian Open турнирінің басты аренасы саналатын Рода Лейвер аренасында алғашқы жаттығуын өткізді.
Рыбакина жаттығу барысынан видеоны әлеуметтік желіде бөлісіп, маусымдағы алғашқы «Үлкен дулыға» турниріне дайындықтың тоқтаусыз жүріп жатқанын көрсетті.
Australian Open жарысы 12 қаңтарда басталып, 1 ақпанға дейін жалғасады. Өткен жылы Мельбурндегі турнирде Рыбакина төртінші айналымға дейін жетіп, сол кезеңде Мэдисон Кизге жол берген еді.
Жаңа маусымды қазақстандық теннисші Брисбендегі турнирден бастап, ширек финалда Каролина Муховадан жеңіліп қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или