Алдияр Нұрғали Испанияда гол соқты
Қазақстандық жас шабуылшы, «Леванте» клубының ойыншысы Алдияр Нұрғали Испанияның жастар арасындағы чемпионатында гол авторы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
16-тур аясында «Леванте» өз алаңында «Патакона» командасын қабылдады. Алдияр Нұрғали кездесуді негізгі құрамда бастап, 20-минутта сол қапталдан жеке шеберлік танытып, есеп ашты.
Матч 2:0 есебімен «Левантенің» жеңісімен аяқталды. Нұрғали ойынның басты кейіпкерлерінің біріне айналып, команда қатарынан төртінші рет жеңіске жетті.
Келесі ойынын «Леванте» 18 қаңтарда Испания Кубогында каталониялық «Даммаға» қарсы өткізеді. Сәтті нәтиже тіркелсе, команда ширек финалда «Барселонамен» жолығуы мүмкін.
«Ертіс» қорғаушысы ресейлік клубтың оқу-жаттығу жиынына қатысады
Қазақ футболшысы ресейлік клубпен алғашқы жаттығуын өткізді. Фото