UFC рейтингінің көшбасшысы Чендлермен күрес өткізгісі келеді
UFC рейтингінің бірінші нөмірі Арман Царукян жеңіл салмақта бұрын титулға таласқан Майкл Чендлерге ашық шақырту тастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Армения мен Ресей атынан өнер көрсететін файтер америкалық спортшымен күрес ережесі бойынша белдесу өткізуді ұсынды.
Царукянның айтуынша, ол Чендлердің Эдди Альвареске жолдаған соңғы шақыртуына назар аударған. Осыдан кейін ол Чендлермен RAF лигасында күрес форматында айқасуға дайын екенін жеткізді. Оның сөзінше, мұндай жағдайда қарсыласының жеңіске жетуге аз да болса мүмкіндігі бар.
29 жастағы Арман Царукян ММА-дағы мансабында 23 жеңіске жетіп, үш рет жеңілген. Оның 15 жекпе-жегі мерзімінен бұрын аяқталған. Кәсіби мансабын ол 2015 жылы бастаған.
Қазақ пен өзбек арасындағы төбелес мерзімінен бұрын аяқталды