Нұрали Елемес «Балтикамен» Түркияға аттанады

Нұрали Елемес «Балтикамен» Түркияға аттанады

19 жастағы қазақстандық қорғаушы, павлодарлық «Ертіс» клубының ойыншысы Нұрали Елемес Калининградтың «Балтика» командасымен бірге Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына барады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өткен маусымда Бірінші лигада «Ертіс» сапында Нұрали Елемес 19 матч өткізіп, бір гол соқты. Transfermarkt порталы футболшының нарықтағы құнын 100 мың еуро деп бағалап отыр.

18 турдан кейін «Балтика» Ресей Премьер-Лигасының турнирлік кестесінде бесінші орында келеді. Команданың еншісінде 35 ұпай бар.

Қазақ футболшысы ресейлік клубпен алғашқы жаттығуын өткізді. Фото

19 жастағы қазақстандық футболшы РПЛ клубына аттанды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или