Тайсон Кас Д’Амато камбэкке не дер еді деген сұраққа жауап берді
2024 жылы аты аңызға айналған боксшы Майк Тайсон Дублинге барып, ММА-ның бұрынғы жұлдызы Конор Макгрегормен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz. Кездесу Макгрегорға тиесілі пабта өтті, сол сәтте екеуі де алдағы жекпе-жектеріне дайындалып жүрген болатын.
Әңгіме барысында Конор Тайсоннан егер бапкері Кас Д’Амато тірі болғанда, оның камбэгін қалай бағалар еді деп сұрады. Тайсон бұған қысқа ғана жауап берді: ол «Неге сонша создың?» дер еді.
Бұл жауап Макгрегорға қатты әсер еткенін жасырмады. Оның айтуынша, ол ешқашан берілмейді және соңына дейін күресетін адамдардың қатарынан. Макгрегор өзін жаратушысының алдына барғанға дейін айқастан бас тартпайтынын айтты.
Соңғы сәтте Майкл Чендлермен жекпе-жек жарақатқа байланысты өтпей қалды. Енді Макгрегор маусым айында өтеді деп жоспарланған UFC White House шоуында камбэк жасауды көздеп отыр. Ал Майк Тайсон Netflix платформасынан Флойд Мейвезермен көрме жекпе-жегін өткізу туралы ұсыныс алған.
Жәнібек Әлімханұлының допинг ісі 19 қаңтарда қаралады
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасына қатысты жаңа ақпарат жарияланды