Александр Бублик топ-10-ға алғаш рет енгенін айтты

Александр Бублик топ-10-ға алғаш рет енгенін айтты

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Гонконгта өткен ATP-250 турниріндегі жеңістен кейін ATP рейтингінің үздік ондығына алғаш рет енгеніне қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда әлемнің жетінші ракеткасы Лоренцо Музеттиді 7:6 (7:2), 6:3 есебімен жеңген Бублик бұл жетістікті көптен күткенін жеткізді. Ол өз Telegram-арнасында жарияланған видеода үздік ондыққа енгенін ерекше қуанышпен қабылдағанын айтты.

Гонконгтағы турнир Александр Бублик үшін ATP деңгейіндегі тоғызыншы титул болды. Соңғы бір жылда қазақстандық теннисші бес жүлде жеңіп алды. Оның төртеуі 2025 жылы өткен турнирлерге тиесілі: Ханчжоудағы ATP-250, Кицбюэльдегі ATP-250, Гштаадтағы ATP-250 және Галледегі ATP-500 жарыстары.

Бубликтің «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі ең үздік нәтижесі — 2025 жылғы «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалы.

Бублик алғаш рет әлемнің үздік ондығына енеді

Аделаида турнирі: қазақстандық теннисшінің матчында сенсация тіркелді


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или