Александр Бублик Гонконгта тарихи жеңіске жетті

Александр Бублик Гонконгта тарихи жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Гонконгта өткен ATP-250 санатындағы турнирде топ жарып, мансабындағы ең жарқын жетістіктерінің біріне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалдық кездесуде әлемдік рейтингте 11-орында тұрған Бублик италиялық Лоренцо Музеттиді тартысты матчта жеңді. Әлемнің жетінші ракеткасына қарсы өткен ойын 7:6 (7:2), 6:3 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды.

Матч 1 сағат 38 минутқа созылып, тең дәрежеде өтті. Александр Бублик 10 эйс жасап, жеті брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды, сондай-ақ төрт қос қате жіберді. Лоренцо Музетти бес эйспен жауап беріп, бір ғана брейк-пойнтты іске асырды.

Бұл жеңіс Бублик үшін ATP турнирлеріндегі тоғызыншы титул болды. Сонымен қатар осы табыстың арқасында ол жаңартылған әлемдік рейтингте 10-орынға көтеріліп, мансабында алғаш рет әлемнің үздік он теннисшісінің қатарына кіреді.

Аделаида турнирі: қазақстандық теннисшінің матчында сенсация тіркелді

ТОП-10? Қазақстандық теннисші қатысатын тарихи матчтың тікелей трансляциясы


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или