Париж клубының бас бапкері болашағына қатысты ойлануда

Париж клубының бас бапкері болашағына қатысты ойлануда

ПСЖ клубының бас бапкері Луис Энрике қолданыстағы келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін командадан кету мүмкіндігін қарастырып жүр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөз мәліметінше, испаниялық маман 2027 жылдың жазында париждік клубпен қоштасуы ықтимал. Айтылғандай, Луис Энрике жаңа жобаға баруды ойлап, клуб ауыстыру нұсқасын жоққа шығармайды.

Луис Энрике ПСЖ-ны 2023 жылдың жазынан бері жаттықтырып келеді. Осы уақыт ішінде команда оның жетекшілігімен айтарлықтай табысқа жетіп, Чемпиондар лигасын, УЕФА Суперкубогын жеңіп алды және Франция чемпионатында екі рет топ жарды.

Мысыр құрамасы Африка кубогының жеңімпазын жарыс жолынан шығарды

Мбаппе «Барселонаға» қарсы матчты негізгі құрамда бастауы мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или