Боксшы Жәнібек Әлімханұлы ісі бойынша тыңдау күні белгіленді
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының допинг ісі бойынша тыңдау 2026 жылдың 19 қаңтарына белгіленді, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы Қазақстанның кәсіби бокс федерациясының президенті Рахимжан Ерденбеков мәлімдеді.
Оның айтуынша, тәртіптік іс белгіленген регламентке сай өтеді және процестік әділдік пен кінәсіздік презумпциясы қатаң сақталады. Тыңдаудың нақты уақыты мен өтетін орны барлық мүдделі тараптарға қосымша хабарланатын болады.
Федерация өкілдері соңғы шешім шыққанға дейін бұл іске қатысты кез келген ашық пікір мен болжам жасауға жол берілмейтінін атап өтті. Сондай-ақ істі қарау халықаралық антидопинг талаптарын ескере отырып жүргізіледі.
Алдағы процестік қадамдар туралы ақпарат ресми түрде жарияланатыны хабарланды.
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасына қатысты жаңа ақпарат жарияланды
Қазақстан бокс федерациясына бірінші вице-президент тағайындалды