Карвахаль келісімшарт жайлы ойын айтты

Карвахаль келісімшарт жайлы ойын айтты

Мадридтің «Реал» клубының оң қаптал қорғаушысы әрі капитаны Даниэль Карвахаль келісімшартының мерзіміне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz. 34 жастағы футболшының клубпен қазіргі келісімі 2026 жылдың жазына дейін жарамды.

Карвахальдің айтуынша, ол жарақаттан енді ғана толық айығып, қазір басты назарын жаттығу мен алаңдағы ойыннан ләззат алуға бағыттап отыр. Қорғаушы клуб басшылығының да осы ұстанымды қолдайтынын атап өтті.

Оның сөзінше, қазіргі таңда басты мақсат — алаңға шығып, өзінің қандай деңгейде ойнай алатынын көрсету. Тараптар бір бағытта қозғалып отырған кезде ешқандай мәселе туындамайды деп санайды.

Даниэль Карвахаль «Реал» сапында 2013 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт аралығында ол барлық турнирде 436 матч өткізіп, 14 гол соғып, 65 нәтижелі пас берген.

Мысыр құрамасы Африка кубогының жеңімпазын жарыс жолынан шығарды

Мбаппе «Барселонаға» қарсы матчты негізгі құрамда бастауы мүмкін


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или