Қазақстандық Анар Бурашева әлемдегі ең биік жеті шыңды бағындырды
Танымал альпинист Анар Бурашева Қазақстан мен Орталық Азия тарихында әлемнің барлық құрлығындағы жеті ең биік шыңның барлығын бағындырып, «Жеті шың» (Seven Summits) бағдарламасын аяқтаған алғашқы әйел болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Анар Бурашева Instagram парақшасында жариялағандай, бұл Антарктидадағы Винсон тауына шыққаннан кейін мүмкін болған.
- Екі жылға созылған тарих. «7 шың» жобасы. Қазақстан мен Орталық Азиядан шыққан алғашқы әйел. Қазір барлық сезімді сөзбен жеткізу қиын — олар тым көп, - дейді Анар.
Батыл альпинист екі жыл ішінде Эверестті (8818 м), Аконкагуаны (6962 м), Деналиді (6194 м), Килиманджароны (5895 м), Эльбрусты (5642 м), Винсон массивін (4897 м) және Карстенз пирамидасын (4884 м) бағындырды.