Кенжебек «Ахмат» жейдесінде алғашқы жаттығуын өткізді
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек ресейлік «Ахмат» клубымен алғашқы жаттығуын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Жаңадан келген футболшылар жұмысқа кірісті», - деп жазды грозныйлық клубтың баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, Ғалымжан Кенжебектің соңғы клубы «Елімай» болды. Команда жейдесінде 2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының маусымында 11 матч өткізіп, алты гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Кәсіби мансабында Кенжебек сонымен қатар «Қайрат», «Қайрат-Жастар», «Мақтаарал», «Жеңіс», Кипрдің «Акритас Хлоракас» және Словакияның «Кошице» клубтарында ойнады.
Қазақстандық жас футболшы ресейлік клубқа аттанды
«Ордабасы» ойыншылары Шымкентте оқу-жаттығу жиынын бастап кетті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или