Африка кубогы: Салах бастаған Мысыр жартылай финалға шықты

Африка кубогы: Салах бастаған Мысыр жартылай финалға шықты

Мысыр құрамасы Кот-д'Ивуарды жеңіп, 2026 жылғы Африка Ұлттары Кубогының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч Мысырдың пайдасына 3:2 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар қатарында Омар Мармуш (4-минут), Рами Рабия (32-минут) және Мохамед Салах (52-минут) гол соқты. Кот-д'Ивуар құрамасынан Гела Дуэ (73-минут) мергендік танытта, ал Ахмед Фатух (40-минут) өз қақпасына гол соғып алды. Африканың қазіргі чемпионы Кот-д'Ивуар бұл матчта фаворит болып саналды.

Мысыр жартылай финалда Сенегалмен кездеседі, ал Нигерия мен Марокко екінші жартылай финалда кім мықтыны анықтайды.



Өзбек футболшыларына сұраныс артуда: «Реал Мадрид» не дейді?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или