Қазақстандық жас футболшы ресейлік клубқа аттанды
«Ертіс» қорғаушысы Нұралы Елемес Ресей Премьер-лигасының «Балтикасына» аттанады, деп хабарлайды Prosports.kz.
19 жастағы орталық қорғаушысы Нұралы Елемес 11 қаңтарда Түркияға оқу-жаттығу жиынына барады. Футболшы қаралымда болады. Бапкерлер штабының көңілінен шықса, ресейлік клуб толық келісімшарт ұсынуы мүмкін.
Бірінші лиганың өткен маусымында Елемес павлодарлық клуб сапында 21 ойын өткізіп, бір гол соқты. Transfermarkt оның нарықтық құнын 100 000 еуро деп бағалайды.
Ресей Премьер-лигасының 18 турынан кейін «Балтиканың» еншісінде 35 ұпай бар және турнир кестесінде бесінші орында тұр.
«Ордабасы» ойыншылары Шымкентте оқу-жаттығу жиынын бастап кетті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или