«Барыс» сырт алаңда «Салават Юлаевтан» ұтылды

«Барыс» сырт алаңда «Салават Юлаевтан» ұтылды

«Барыс» хоккей клубы бүгін, яғни 8 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Салават Юлаев» (Уфа) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Есеп 1:3 есебімен қарсылас команданың пайдасына аяқталды. Бұл - олардың қатарынан үшінші жеңілісі. Осылайша, соңғы жеті кездесуде небәрі бір мәрте жеңіске жеткен елордалық клуб турнир кестесіндегі жағдайын біршама қиындатып алды. 

«Салават Юлаев» (Уфа) – «Барыс» (Астана) 3:1 (1:0, 0:1, 2:0).

  • 1:0 - Сучков (Кузнецов Е., Жаровский) - 01:00
  • 1:1 - Қайыржан (Әсетов, Бреус) - 26:43
  • 2:1 - Кузнецов Е. (Ремпал, Жаровский) - 45:14
  • 3:1 - Кузнецов М. (Горшков, Ефремов) - 53:37.

Қазақстандық клуб келесі ойынын сырт алаңда 12 қаңтар күні «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізеді.

Жас қазақстандық хоккейші Канада чемпионатына нәтижелі ойын көрсетті

Қазақстандық хоккейшілер ҚХЛ клубының жеңісіне үлес қосты

АҚШ құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына шыға алмады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или