Қазақстандық футболшы Ресей чемпионатына ауысты

Қазақстандық футболшы Ресей чемпионатына ауысты

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Ғалымжан Кенжебек «Ахмат» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қос тарап 4,5 жылға жарамды келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы ресейлік клубтың баспасөз қызметі ресми түрде жариялады. 

22 жастағы вингер өткен маусымды семейлік «Елімай» сапында аяқтаған еді. Содан кейін еркін агент атанды.

Грозныйлықтардың қатарында тағы бір отандасымыз Максим Самородов ойнайды. Ал бас бапкері – Станислав Черчесов.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или