Дархан Еркінұлы Қазақстан бокс федерациясының бірінші вице-президенті

Дархан Еркінұлы Қазақстан бокс федерациясының бірінші вице-президенті

Қызайбаев Дархан Еркінұлы Қазақстан бокс федерациясының бірінші вице-президенті қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Федерация мәліметінше, Дархан Қызайбаев 2024 жылдың ақпан айынан бастап ҚБФ халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президенті қызметін атқарып келді.

Бұдан былай Дархан Еркінұлы федерацияның ішкі және сыртқы шаруаларына, құрамалар және тағайындауларға жауап береді.

Айта кетсек, бүгін Қазақстан ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне Нұржан Насанов тағайындалды. Ол бұған едйін аталған қызметті атқарған Қайрат Сәтжановты алмастырды.

Ал Бақыт Сәрсекбаев бұдан былай жастар құрамасының тізгінін ұстайды. Ол бұл қызметте Мақсат Бақтыбазаровтың орнын басты.

Бақыт Сәрсекбаев жастар құрамасының аға жаттықтырушысы атанды

Қайрат Сәтжанов ұлттық құрамадан неге кеткенін айтты

Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері ауысты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или