«Тараз» футбол клубында екінші лига командасы жасақталады

«Тараз» футбол клубында екінші лига командасы жасақталады

Тараз қаласында жаңа футбол командасының құрылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан футбол чемпионатының Бірінші лигасында өнер көрсетіп жүрген «Тараз» футбол клубының ресми аккаунтында өңірде тағы бір жаңа команданы құру жұмыстары басталғаны туралы хабар жарияланды. Аталған команда ел біріншілігінің Екінші лигасында жарыс жолына шығады.

«Биыл «Таразда» екінші лига командасы жасақталады. Бірінші лигамен қатар, енді екінші лигаға да өз командамыз қосылып, өнер көрсететін болады. Бұл — жергілікті жастарға тамаша мүмкіндік әрі үлкен футболға жол ашатын дәліз. Осылайша «Тараз» командалары QJ League – Жасөспірімдер лигасында, Екінші және Бірінші лигада өнер көрсетеді», - делінген «Тараз» футбол клубының ресми хабарламасында.

Былтырғы футбол маусымының тең жартысында негізгі құрамның бас бапкер міндетін атқарған Азиз Анарметов Екінші лигада бақ сынайтын «Тараз» жастар командасының бас бапкері лауазымына тағайындалды.

«Ордабасы» ойыншылары Шымкентте оқу-жаттығу жиынын бастап кетті

Қазақстандық клуб Түркияда екі бақылау матчын өткізеді

«Алтай» үш ойыншысымен келісімшарт мерзімін ұзартты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или