Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясы Әлімханұлының B сынамасына қатысты ресми мәлімдеме жасады

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясы Әлімханұлының B сынамасына қатысты ресми мәлімдеме жасады

Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының B сынамасын ашу рәсіміне қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Федерация президенті Рахымжан Ерденбековтың айтуынша, B сынаманы ашу процедурасы АҚШ-тың Юта штатындағы Солт-Лейк-Сити қаласында халықаралық антидопинг ережелеріне толық сәйкес өткізілген. Процеске спортшының команда өкілдері, мамандар және тиісті тараптар қатысқан.

Ашылған B сынама ресми түрде аккредиттелген халықаралық зертханаға жолданып, белгіленген стандарттар бойынша талдаудан өтуде. Қазіргі таңда қандай да бір қорытынды жасауға негіз жоқ екені атап өтілді.

Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы бұл жағдайда айып дәлелденбейінше кінәсіз деп есептеу қағидасын ұстанатынын мәлімдеді. Сондай-ақ федерация таза спортты қолдайтынын, халықаралық антидопинг талаптарын құрметтейтінін және ресми зертхана қорытындысы шықпайынша қандай да бір алып-қашпа ақпаратқа жол бермейтінін жеткізді.

Зертхана нәтижелері белгілі болған соң, жағдайға байланысты қосымша ақпарат жарияланатын болады.

Айта кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының допинг-сынамасынан мельдоний табылғаны хабарланған еді. Боксшы мен оның командасы тыйым салынған препаратты әдейі қолданғанын жоққа шығарып отыр.

Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы ашылды

Бокс әлемінде тағы бір промоушен пайда болды

Батыр Жүкембаевтың келесі жекпе-жегі жарияланды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или