Қуат Хамитов: Біздің елден көмек күтудің қажеті жоқ
Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов әріптесі Қайрат Ахметовтің демеушілердің жоқтығы туралы айтқан сөзіне пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Айта кетейік, Қайрат Ахметов ACA 198 турнирінде (Грозный қаласы) ресейлік Мансур Хатуевті төрешілердің бөлінген шешімімен жеңгеннен кейін қаржылай қолдаудың жоқтығына шағымданған болатын. Жекпе-жектен соң ол қосымша демеушілік қажет екенін айтып, спортшы ретінде қалыпты өмір сүру қиын екенін жеткізді.
Осы пікірге Қуат Хамитов Instagram желісіндегі kzsports парақшасында жауап қатты. Ол спортшыларға сыртқы қолдауға үміт артпай, өз күшіне сену керектігін айтты.
«2012 жылы мен оған Қазақстанда ешкім ешкімге көмектеспейтінін айтқанмын. Біздің жақтан көмек күтудің қажеті жоқ. Міне, арада 15 жылға жуық уақыт өтті, сол сөзімнің дұрыс болғанын өмір көрсетті», — деп жазды Хамитов.
Еске салайық, бұл жекпе-жек Қайрат Ахметов үшін ACA лигасындағы алғашқы кездесу болды. Бұған дейін ол Alash Pride және ONE FC ұйымдарында өнер көрсеткен.
Қайрат Ахметов ресейлік Мансұр Хатуевты жеңді
Қайрат Ахметов - Мансур Хатуев жекпе-жегінің толық видеосы
Қазақстандық ММА турнирінде өзбекті нокаутқа жіберді. Видео