Волейбол: «Тұран» Орталық Азия чемпиондар лигасында ел намысын қорғайды

Волейбол: «Тұран» Орталық Азия чемпиондар лигасында ел намысын қорғайды

Мальдив аралдарының астанасы Мале қаласында 2-11 ақпан аралығында волейболдан әйелдер командалары арасында Орталық Азия чемпиондар лигасының ойындары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан волейбол федерациясынан мәлім еткеніндей, аталмыш турнирде биыл ел кубогын жеңіп алған «Тұран» (Түркістан) командасы өнер көрсетеді. 

Сонымен қатар Қазақстан тарапынан FIVB халықаралық арбитрі Юлия Акулова жарысқа төрелік етуге шақырылды. 

Егер Асқар Шалқыбековтің шәкірттері осы додада жеңімпаз атанған жағдайда Қазақстан алдағы көктемде өтетін Азия чемпиондар лигасына қатыса алады. 

Өткен жылы Азия чемпиондар лигасында «Жетісу» (Талдықорған) командасы үздік шыққан еді. Содан кейін сербиялық маман Марко Гршич жаттықтыратын талдықорғандықтар Бразилияның Сан-Паулу қаласында өткен клубтық әлем чемпионатында бақ сынады. 

2025 жылы Маледе ерлер командалары арасында өткен Орталық Азия чемпиондар лигасында Оралдың «Жайығы» (бас бапкері Виктор Козик) чемпион атанған болатын. 

Волейболдан Қазақстан кубогында күтпеген нәтиже тіркелді

«Астана» алғашқы ойында «Тобылды» жеңді

Қазақстан гандболдан әлем чемпионатындағы төртінші ойынында жеңіліп қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или