Еркебұлан Тоқтар Америка төрінде жекпе-жек өткізгісі келеді
Қазақстандық актер әрі аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар мансабында жаңа белеске қадам басуды көздеуде, деп хабарлайды Prosports.kz.
Танымал жауынгер алдағы уақытта Америка төрінде жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді.
«Осы жылдың соңында - Madison Square Garden, Иншалла», - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Madison Square Garden - спорт әлемінде айрықша орны бар арена. Нью-Йорктің қақ ортасында орналасқан бұл кешен бокстың ғана емес, жалпы жекпе-жек түрлерінің символына айналған. Кезінде дәл осы жерде Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мэйвезер секілді аңыздар рингке шыққан.
Еркебұлан Тоқтар жылдың үздігі атағына үміткер атанды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или