Футзалдан Қазақстан чемпионатында трансферлік терезе ашылды

Футзалдан Қазақстан чемпионатында трансферлік терезе ашылды

Бүгін футзалдан Қазақстан чемпионатында ресми түрде қысқы трансферлік терезе ашылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алдағы турдан бастап келісімшартқа қол қоюға үлгерген жаңа ойыншылар чемпионат матчтарына қатысуға мүмкіндік алады.

Легионерлер туралы заңға байланысты биылғы трансферлік науқан бұрынғыдай ауқымды болмайды деп ойлаймыз. Алайда жоғарғы орындар үшін таласып жүрген командалар бірнеше легионермен құрамын күшейтуі әбден мүмкін. Сонымен қатар, бірқатар қазақстандық ойыншылардың да клуб ауыстыруы ғажап емес.

Қазіргі уақытта ресми түрде белгілі трансферлер тек «Қайрат» клубына қатысты. Алматылықтар Бразилия чемпионатынан солақай ойыншы Игорь Кариоканы және Испания чемпионатынан қақпашы Вандерсон Силваны өз қатарларына қосты.

Бейресми ақпараттарға сүйенсек, ақтаулық «Каспий» де бразилиялық ойыншылар арасынан күшейту жолдарын қарастырып жатыр.

«Қайрат» тағы бір ойыншымен қоштасты

«Қайрат» «Әлемнің үздік клубы» атағына ұсынылды

«Семей» командасының экс-бапкері бразилиялық клубты жаттықтырады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или