Қазақстандық классиктер Түркиядағы турнирде төрт медаль еншіледі

Қазақстандық классиктер Түркиядағы турнирде төрт медаль еншіледі

Түркияның Анталья қаласында өткен Олимпиада чемпионы Яшар Догу және Вехби Эмре, Хамит Капланды еске алу турнирінде грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы 4 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Юсуф Ашрапов (-72 кг) пен Бағдат Сабаз (-67 кг) алтын иеленсе, Еркебұлан Ардақов (-63 кг) пен Рахат Бержанов (-97 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.

Қонысбек Төкенов шәкірттері жалпыкомандалық есепте 104 ұпаймен 3-орынға тұрақтады. Алдағы күндері еркін күрес балуандары жарысқа шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или