Украиналық гимнаст: «Ресейсіз гимнастика әділ бола түсті»
Украиналық көркем гимнаст Мария Высочанская Ресей спортшылары халықаралық жарыстардан шеттетілгеннен бастап бұл спорт түрі әділірек әрі қызығырақ бола түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
23 жастағы спортшының сөзіне сүйенсек, ресейлік гимнасттардың жоқтығы көркем гимнастикадағы бәсекеде оң өзгеріс тудырған.
«Гимнастика көптеген адам үшін әділірек әрі қызықты болып келеді. Көрермен ресейліктерді асыға күтіп отыр деп айта алмаймын. Бірақ олар қайта оралу үшін өте көп жұмыс істеп жатыр, әсіресе ақпараттық кеңістікте. Бұл өте қиын үрдіс» деді Высочанская.
Сонымен қатар гимнаст ресейлік және беларусь спортшыларымен бір жарыста өнер көрсету оған моральдық тұрғыда ауыр екенін де жасырмады.
Айта кетелік, 28 қарашада Еуропалық гимнастика конгресі ресейлік және беларусь спортшыларын өз ұйымының жарыстарына қайта допуск беру туралы шешім қабылдады. Дауыс беруге қатысқан 46 елдің 27-сі бұл бастаманы қолдаған.