Асылжан Бақытжанұлы ресейлік файтерден жеңіліп қалды

Асылжан Бақытжанұлы ресейлік файтерден жеңіліп қалды

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асылжан Бақытжанұлы Грозныйда өткен ACA 198 турнирінде қарсыласынан бірінші раундта нокаутқа түсіп ұтылды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Асылжан Бақытжанұлы (17–5–1) Ресейдің Грозный қаласында ұйымдастырылған ACA 198 турнирінде ресейлік файтер Сулим Баталовпен (9–1) жұдырықтасты. Жекпе-жек жартылай ауыр салмақта өтіп, үш раундқа жоспарланған еді.

Алайда кездесу ұзаққа созылмады. Сулим Баталов алғашқы раундта нокаутпен жеңіске жетіп, кәсіби ММА-дағы оныншы жеңісін тіркеді.

Айта кетелік, аталмыш көрсеткіш Асылжан Бақытжанұлы үшін мансабындағы алтыншы жеңіліс болды. Қазақстандық файтер соңғы төрт жекпе-жегінде екі рет жеңіп, екі рет жеңіліс тапқан болатын. 

Қайрат Ахметов ресейлік Мансұр Хатуевты жеңді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или