Дмитрий Бивол туған жерінде ем алып жатыр
Қырғызстанда туған, жартылай ауыр салмақтағы WBA, WBO және IBF чемпионы Дмитрий Бивол жарақатынан кейінгі оңалту кезеңін туған елінде өткізіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Боксшының менеджері Вадим Корнилов Биволдың келесі жекпе-жегі 2026 жылдың көктеміне жоспарланғанын растады. Оның қарсыласы IBF тұжырымы бойынша үміткер Германия өкілі Михаэль Айферт болады.
Айта кетелік, отадан кейінгі қалпына келу процесі сәтті өтіп жатыр. Жуырда Дмитрий Қырғызстанда толыққанды жаттығу процесіне кіріседі. Ол дәстүрлі түрде дайындықтың негізгі бөлігін осы елде өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или