Қазақстандық футболшы «Хартстың» негізгі құрамынан тыс қалды

Қазақстандық футболшы «Хартстың» негізгі құрамынан тыс қалды

Күні кеше ғана шотландиялық «Хартс» клубына ауысқан қазақстандық вингер Ислам Чесноков командасының алдағы матчына арналған негізгі құрам тізіміне енбей қалды, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы Edinburgh News басылымының мәлім етті.

«Хартс» Шотландия чемпионатының 22-туры аясында «Дандиге» қарсы ойында Чесноковсыз алаңға шығуы мүмкін. Шотландиялық БАҚ ұсынған болжамды құрамда қазақстандық футболшының аты-жөні жоқ.

Айта кетелік, «Данди» — «Хартс» кездесуі 11 қаңтарда өтеді. Қазіргі таңда «Хартс» 44 ұпаймен Шотландия чемпионатының көшін бастап тұр, ал «Данди» 22 ұпаймен тоғызыншы орынды ұстап келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или