Қазақстандық балуан Түркияда алтын алқалы болды

Қазақстандық балуан Түркияда алтын алқалы болды

Анталья қаласында басталған грек-рим күресінен ірі халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының спортшылары табысты өнер көрсетіп, бір алтын және екі қола медаль олжалады, деп хабарлайды Prosports.kz.  

Қазақстандық балуан Юсуф Ашрапов 72 келі салмақ дәрежесінде барлық қарсыласынан басым түсіп, турнирдің алтын жүлдесін жеңіп алды. Мұнан бөлек, тағы қос қазақстандық екі медаль қоржынға салды. 63 келіде Еркебулан Ардаков пен 97 келіде Рахат Бержанов қола жүлдеге ие болды.

Айта кетелік, Антальяда өтіп жатқан аталмыш жарыста Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінен-ақ жүлделер санын арттырып үлгерді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или