Америкалық Калинин әлем рекордын жаңартты

Америкалық Калинин әлем рекордын жаңартты

АҚШ атынан өнер көрсететін ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Илья Малинин АҚШ чемпионатындағы қысқа бағдарламадан кейін көш бастады, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Американың Сент-Луис қаласында ел біріншілігі өтіп жатыр. Аталмыш жарыста 115,10 ұпай жинап, Нэйтан Ченнің Бейжің Олимпиадасында орнатқан әлемдік рекордын (113,97) артта қалдырды. 

Қысқа бағдарламада екінші орынға Томоки Хиватаси (89,26), үшінші орынға Джейсон Браун (88,49) жайғасты. Еркін бағдарламаға спортшылар 10 қаңтарда шығады.

21 жастағы Малинин екі дүркін әлем чемпионы әрі еркін бағдарламадағы әлем рекордының (238,24) иегері. Оның бұл жолғы өнері де жанкүйерлер мен сарапшыларды тәнті етті.

Айта кетерлігі, аталмыш көрсеткіш ресми рекорд ретінде тіркелмейді, себебі халықаралық конькишілер одағы (ISU) тек халықаралық жарыстардағы нәтижелерді ғана ресми рекорд ретінде мойындайды. 




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или