Асхат Хасенов — Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының жаңа президенті

Асхат Хасенов — Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының жаңа президенті

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясында кадрлық өзгерістер орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының құрметті президенті болып сайланды.

Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының мүшесі ретінде халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау және шетелдік мамандармен ынтымақтастықты дамыту бағытындағы жұмыстың көлеміне байланысты Ольга Рыпакова федерация президенті қызметінен құрметті президент лауазымына ауысты.

Ол бұған дейін бір жыл бойы Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті қызметін атқарды.

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті қызметіне «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов тағайындалды.

Айта кетейік, жеңіл атлетика Қазақстандағы ең танымал спорт түрлерінің бірі саналады. Қазіргі таңда елімізде бұл спорт түрімен 360 мыңнан астам адам жүйелі түрде айналысады.

Астана қаласы Қазақстан чемпионатын қабылдайды

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы жаңа бапкерді таныстырды

Ирина Конищева Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или