Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы ашылғаны белгілі болды
Қазақстан кәсіби бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы ашылды. Ресми нәтижелер шыққанға дейін спортшы кінәсіз саналады.
Федерация процестің әділдігі мен спортшы құқықтарының сақталуын қатаң бақылауда ұстайды. Егер сынама таза болса – барлық айыптаулар ресми түрде алынып, Жәнібектің беделі қалпына келтіріледі», - деді Рахымжан Ерденбеков
Сонымен қатар, боксшының менеджері Берік Сұлтанның айтуынша, процедура АҚШ аумағында халықаралық талаптарға сай өткізілген.
«Екінші сынама бүгін Америкада ашылды. Барлығы талапқа сай өтті. Біздің команда өкілдері пломбалардың ашылуына тікелей қатысты. Процестің заңды, ашық өткенін растады. Қазір сынама зертханаға жөнелтілді. Енді ресми қорытындыны күтіп отырмыз. Нәтиженің қашан дайын болатыны нақты айтылған жоқ», - деді Берік Сұлтан.
Енді антидопингтік қызметтердің ресми қорытындысын күту ғана қалды. Бұл нәтиже Жәнібектің мансабы мен мүмкін болатын чемпиондық жекпе-жектері үшін аса маңызды.
Бокс әлемінде тағы бір промоушен пайда болды