Рахмоновты басып озған жауынгер жылдың үздігі атағына үміткер атанды
Орталық Азия жекпе-жек лигасы 2025 жылғы «медиа жекпе-жегі» номинациясына үміткерлердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Олардың қатарында ең танымал қазақстандық жауынгер Еркебұлан Тоқтар мен тәжік жауынгері Камил Карате деген лақап атпен танымал Камариддин Хасановтың жекпе-жегі де бар.
Тордағы екі танымал медиа жауынгердің тартысты кездесуі 2025 жылғы ақпанда OCTAGON 70 турнирінде өтті және Қазақстан өкілінің мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталған еді. Сонымен қатар, сол айқаста Камил Каратенің иегі сынған болатын. Жекпе-жек OCTAGON лигасының BMF атағы үшін өтті.
Сондай-ақ, өнер жұлдызы Еркебұлан Тоқтар жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтан Instagram желісінде оқырман саны бойынша озып кеткен еді. Аталмыш қос спортшыдан Еркебұланға әлеуметтік желіде 1,890 миллионнан астам адам жазылған, ал Рахмоновта 1,86 миллион жазылушы бар.
Айта кетейік, 2026 жылғы Орталық Азия жекпе-жек лигасының алғашқы жекпе-жек кеші OCTAGON 84 атауымен өтеді.
OCTAGON 84 турнирінің ресми серіктесі — Chevrolet компаниясы
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON 84 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink