«Елімай» клубы Қытайда өтетін халықаралық турнирге қатысады
Семейлік «Елімай» клубының 2013 жылғы ойыншылары Қытайдың Гуандун қаласында 21 ақпан мен 3 наурыз аралығында өтетін «Jianlibao Cup» халықаралық турниріне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді:
«Елімайдың» халықаралық аренаға шығуы бұл тек клубтың ғана емес, Қазақстандағы балалар футболының дамуына қосылған үлкен үлес. Спорт арқылы дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын ұрпақ тәрбиелеу біздің ортақ мақсатымыз», - деп жазылған клубтың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қатысушы елдер қатарында Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Таиланд, Вьетнам. Малайзия, Лаос және Қазақстан командалары бар.
Ресми: Лев Скворцов түркиялық «Серікспор» ойыншысы атанды
Шотландиялық эксперт Чесноковтың трансферіне баға берді