Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирде жартылай финалға шыға алмады

Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирде жартылай финалға шыға алмады

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Үндістанның Бенгалуру қаласында өтіп жатқан Challenger сериялы турнирдегі ойынын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz

Жұптық сында сынға түскен Ломакин 1/4 финалда ресейлік әріптесі Пётр Бар-Бирюковпен бірге Срирам Баладжи (Үндістан) мен (Аустрия) Нейл Оберляйтнер жұбымен тартысты кездесу өткізді. Тартысты кездесу бір сағат 32 минутқа созылды.

Бірінші сет Қазақстан-Ресей жұбының пайдасына аяқталды — 7:6 (8:6), алайда екінші сетті қарсылас жеңді – 6:4. Тай-брейкте Баладжи мен Оберляйтнер 10:6 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің жартылай финалына шықты.

Александр Бублик Гонконгтағы ATP турнирінің ширек финалына оңай өтті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или